ESSEPTE

Жай бөлшек. Оқу және жазу

Суреттегі боялған бөлікті жай бөлшекпен жазу.

Жай бөлшек

Бүтін тең бөліктерге бөлінсе, бірнеше бөлікті жай бөлшекпен жазамыз: 3/8.

  • Бөлімі (сызықтың астында) — бүтін неше тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді.
  • Алымы (сызықтың үстінде) — сол бөліктің нешеуі алынғанын көрсетеді.

3/8 — «сегізден үш» деп оқылады.

Мысал: пицца 6 тең бөлікке бөлінді, 5 бөлігі жеп қойылды. Желінгені — 5/6, қалғаны — 1/6.

Бөлшек сызығын бөлу белгісі деп те қарауға болады: 3/4 = 3 : 4.

Тақырыпты GeoGebra интерактивті тапсырмаларымен бекітіңіз — жауап бірден тексеріледі.

Тақырып бойынша тапсырма шешу