ESSEPTE

ЕҮОБ және ЕКОЕ

Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табу, мәтінді есептерде қолдану.

Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ)

Сандарды жай көбейткіштерге жіктеп, ортақ көбейткіштерді ең кіші дәрежесімен алып көбейтеміз.

24 = 2³ · 3, 36 = 2² · 3². ЕҮОБ(24; 36) = 2² · 3 = 12.

Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)

Барлық жай көбейткіштерді ең үлкен дәрежесімен алып көбейтеміз.

ЕКОЕ(24; 36) = 2³ · 3² = 72.

  • Екі санның көбейтіндісі ЕҮОБ пен ЕКОЕ-нің көбейтіндісіне тең: 24 · 36 = 12 · 72.
  • ЕҮОБ — тең бөліп тарату есептерінде, ЕКОЕ — «қашан қайта сәйкес келеді» есептерінде қолданылады.

Тақырыпты GeoGebra интерактивті тапсырмаларымен бекітіңіз — жауап бірден тексеріледі.

Тақырып бойынша тапсырма шешу