ESSEPTE

Көпбұрыш

Көпбұрыштың периметрі мен ауданын тор бойынша табу.

Көпбұрыш

Тұйық сынық сызықпен шектелген фигура — көпбұрыш. Сынық сызықтың буындары — көпбұрыштың қабырғалары, ұштары — төбелері. Қабырғалары мен төбелерінің саны бірдей.

Периметр

Көпбұрыштың периметрі — барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.

Аудан

Тордағы көпбұрыштың ауданын табу үшін:

  • бүтін шаршыларды санаймыз, немесе
  • фигураны тіктөртбұрыштарға бөліп, аудандарын қосамыз, немесе
  • үлкен тіктөртбұрыштан артық бөлігін азайтамыз.

Аудандары бірдей фигуралардың периметрлері әртүрлі болуы мүмкін.

Тақырыпты GeoGebra интерактивті тапсырмаларымен бекітіңіз — жауап бірден тексеріледі.

Тақырып бойынша тапсырма шешу